Қазақстандық металлургтер әйелдерді лавадан сегіз санын жасап құттықтады
Қазақстандық металлургтер әйелдерді лавадан сегіз санын жасап құттықтады
199
оқылды
"Қазхром" (ERG құрамына кіреді). Трансұлттық компаниясының металлургтері 8 наурызға арналған ерекше бейнешолуды жасады Ролик Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқыту цехтарының бірінде түсірілді. "Біз кәсіпорынның қызметкерлерін, ал олармен бірге Қазақстанның барлық қыздарын, әйелдерін қалай  құттықтау керегі туралы ұзақ ойладық. Ерекше нәрсе ойлап көргім келді. соңында металды пайдаланатын болып шештік. Сегіз санының бейнесін салып оны қызған лавамен толтыру ұсынылды. Санаулы минуттарда балқытушы Балалар іске кірісіп, металды ешқайда ақпауы үшін арнайы қалып жасады. Әрі қарай идеяны компания президенті Арман Есенжулов дамытып, ол сонымен қатар металлургиялық үдерісті де көрсетуді ұсынды", - дейді "Қазхром "ТҰК" корпоративтік коммуникациялар қызметінің бастығы Виктория Машкарина. https://www.instagram.com/p/B9YdIqyHq9h/ Оның айтуынша, бейне алдын ала дайындықсыз түсірілген. "Түсірер алдында бізге дубль болмайды деп ескертті. Немесе бірден жұмыс істейміз, немесе одан басқа мүмкіндік болмайды. Біз бірден үш камераны дайындадық, нәтижесінде барлық материалды түсірдік", - деп атап өтті Машкарина. Айта кетейік, металлургтерден басқа, павлодарлық автоәуесқойлар да нәзікжандыларға бейнеқұттықтау түсірген. Жүргізушілер көліктерімен алып сегіздіктің бейнесін құрастырған. Павлодар автопаркінің жүргізушілері де әйелдерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олар автобустардың бірін жарық-қызыл шарлармен сегіз санын жазып безендірген. https://www.instagram.com/tv/B9dWsRGBLmE/?utm_source=ig_embed https://www.instagram.com/p/B9deDJqByYA/?utm_source=ig_embed