Андраде - Головкин жекпе-жегі өте ме?
Андраде - Головкин жекпе-жегі өте ме?
© prosports.kz
WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде (29-0, 18 KO) келесі жекпе-жегінде екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) жұдырықтаспайды, -деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы америкалық боксшының промоутері Эдди Хирн мәлімдеді. Сонымен қатар, Хирн Андраде кездесуі мүмкін төрт қарсыластың атын атады. Олар: Саул «Канело» Альварес, Геннадий Головкин, Джермалл Чарло және Хайме Мунгия. Айта кетейік, Деметриус Андраде Майамидегі Island Gardens аренасында өткен соңғы жекпе-жегінде ирландиялық Люк Килэрді (17-3-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын үшінші рет қорғап қалған болатын. 31 қаңтарда өткен осы жекпе-жектен кейін Андраде 168 фунтқа көтеріліп, осы салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері Сондерспен жұдырықтасатынын мәлімдеген.