Олардың мәліметінше, бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды. 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз құлап түскен. Қазір ол ауруханаға жеткізілген.
Екінші жағдай Семей қаласында болған. Үш жасар кішкентай қыз 2-қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жағдайы ауыр, қазір ауруханаға жатқызылды. Екеуі де ересектердің қарауынсыз қалған.
ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды, ешқашан москит торына сенбеуді және олардың құлаудан қорғауға арналмағанын ескертуде.