Семей қаласында бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде электр қалқаны жанып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Баспалдақ маршы арқылы құтқарушылар 2 ересек адам мен 1 баланы құтқарды. Сондай-ақ 40 адам, оның ішінде 10 бала өздері эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Болжам бойынша өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.