Оқыс оқиға «Шымкент-Самара» автожолында орын алған, деп жазады Aikyn.kz.
Қызылорда облысынан шыққан «Газель» автокөлігі өртке оранған. Көлік ішіндегі 16 оқушы мен жүргізуші қауіпсіз жерге шығып үлгерген.
«Зардап шеккендер жоқ. Көліктегі оқушылар Қызылорда облысынан Түркістанға экскурсияға бара жатқан. Қазір өрттің себебі анықталуда», - делінген Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.