Астанада бірнеше көше жөндеу жұмыстарына байланысты ішінара жабылады

Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жолда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Көктал-1 тұрғын алабында бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жүргізілетін көшелер:

  • Сұлукөл көшесі Еңлік-Кебек көшесінен бастап Ардагерлер көшесіне дейінгі учаскеде;
  • ⁠Ардагерлер көшесі Д. Бабатайұлы көшесінен бастап Шұғыла көшесіне дейінгі учаскеде.

Осыған байланысты қозғалыс осы жылдың 9-16 мамыр аралығында ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.