Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Елордадағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің тоғызы – әйел

Барыс Нұрлан
Наурыз 9, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет
автобус жүргізетін әйелдер

© Сурет Skifnews сайтынан

Қала көшелеріндегі қарбалас. Бірінен бірі басып озуға асыққан қаптаған көлік. Арасында адам толы автобустар да бар. Солардың бірін нәзік жанды Кәмилә Ақназарова жүргізеді. Оның қоғамдық көлік басқарып келе жатқанына – 19 жыл. Әу баста Алматыда троллейбус жүргізуден бастаған. Кейінгі жылдары елордаға қоныс аударып, автобустың рөліне отырды. Ерлермен тең еңбек ететін Кәмиләнің жұмыс күні де ерте басталады, – деп хабарлайды «Хабар 24» .

«Ұйқыдан оянғанымнан есептегенде сағат кейде төртте оянамын, кейде бесте оянамын. Күнделікті мына кестеге қарап, қай кезден бастаймыз, қай кезде парктен шығамын, есептеп шығамыз. Паркке жарты сағат бұрын келеміз. Машинаны жылытып, қарап, барлық жерін тексеріп, одан кейін медициналық тексеруден өтеміз. Давлениені тексереді. Механиктер қарап, қол қойғаннан кейін шығамыз жолға», – дейді ол.

Кәмилә Ақназарованың айтуынша, коғамдық көлік жүргізушісіне көп сөзге көңіл бөлмейтін, кез келген адаммен жағымды сөйлесе алатын қасиет керек. Себебі, жұмыс барысында түрлі жолаушымен жүздеседі.

12 сәуірден бастап Алматы облысында карантин күшейтіледі

Алматыда жолаушылар автобусы бетон қабырғаға соғылды

Астанада 4 сәуір күні автобустар жүре ме?

«Кейбіреулер бар, әдейі жанжал іздеп тұратын. Оларға үндемейміз. Қолдан келгенше үндемемей құтыламыз. Ал кейбір жолаушылар келіп, амандасып, ақ жол тілеп, көңіл-күйімізді көтеріп кетеді. «Қандай керемет, әйел кісі рөлде отырған. Сізге қалай жарасып тұр» деп көңіл-күйімізді көтеріп кетеді. Ондай кезде бір марқайып қаламыз», – дейді Кәмилә Ақназарова.

Қоғамдық көлік жүргізгенде әйелдер әлдеқайда ұқыпты. Өзгемен жарыспайды, бұрылыс-қиылыста қырағы. Тіпті, кейбір жолаушылар автобусқа мінгенде әйел жүргізушіні көрсе, сенімдірек отыратынын жеткізді.

Нәзік жандылардың жұмыста жауапты екенін тасымалдаушы компания өкілдері де растады. Олар ұжымдағы әрбір әйелді жеке құттықтап, сыйақы беруді жоспарлап отыр.

«Біздің ұжымдағы бұрымдылардың барлығы өте сыпайы. Өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жолаушылардан да, жол полициясы тарапынан да шағым болған емес. Керісінше, нәзік жандылар жан-жағына шуақ шашып жүреді. Сондықтан жүргізушілердің қатарында осындай білікті әйелдердің көп болғанын қалар едік. Мерекеге орай барлығын арнайы құттықтап шықтық», – дейді CTS компаниясы көліктік бақылау департаментінің директоры Самат Шәймерденов.

Бүгінде елордадағы қоғамдық көлік жүргізушілерінің тоғызы – әйел. Атқарылатын қызметтің қиындығына қарамастан, барлығына бірдей талап пен міндет жүктеледі. Таңмен таласа тұрып, ермен тең еңбек ететін осындай аналар қандай сыйға да лайық емес пе?!

 
Тегтер: 8 наурызавтобусәйелдержұргізушіқоғамдық көлік
Алдыңғы жаңалық

Facebook желісі медициналық масканы жарнамалауға қатаң тыйым салды

Келесі жаңалық

Талдықорғанда аналарға «Алтын жүрек» медалі табысталды

Ұқсас жаңалықтар

шахмат
Жаңалықтар

Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Сәуір 10, 2021
цой
Жаңалықтар

Алексей Цой: біз толық локдаунға оралып, қалаларды жапқымыз келмейді

Сәуір 10, 2021
Көлгінов
Жаңалықтар

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

Сәуір 10, 2021
президент
Жаңалықтар

Президент Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Сәуір 10, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Сәуір 10, 16:23

Алексей Цой: біз толық локдаунға оралып, қалаларды жапқымыз келмейді

Сәуір 10, 15:53

Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты

Сәуір 10, 15:22

Вакциналарды араластырып салмау керек – ДСҰ

Сәуір 10, 14:58

Президент Ханзада Филипптің қазасына орай көңіл айту жеделхатын жолдады

Сәуір 10, 14:29

Alibaba компаниясына 2 млрд 750 млн доллар айыппұл салынды

Сәуір 10, 14:04

Елордалық полицейлер өтіп бара жатқан адамнан есірткі тапты

Сәуір 10, 13:33
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

шахмат

Үздік шахматшы интернеттің нашарлығынан халықаралық турнирге қатысуын тоқтатты

Сәуір 10, 2021
цой

Алексей Цой: біз толық локдаунға оралып, қалаларды жапқымыз келмейді

Сәуір 10, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»