Елена Рыбакина бүгін екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 161-орында тұрған румыниялық Ирина Бегумен ойнауы керек еді. Теннисшінің ауырып қалғанының себебінен бұл ойында франциялық Осеан Доден бағын сынап көрді. Осылайша, жерлесіміз Римде чемпиондық атағына қоса өткен жылғы рейтингілік ұпайынан айырылды.
«Биыл Рим турниріне қатысудан бас тартуыма байланысты өкініш білдіремін. Жарысу үшін өзімді жайлы сезіне алмай тұрмын. Чемпиондық атағымды қайтару үшін келер жылды күтемін», – деп түсіндірді спортшы.
Сонымен қатар Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Рим WTA 1000 турнирінде жекелей сында жеңіліп қалды. Ол екінші айналымдағы бастапқы кездесуінде күтпеген жерден рейтингіде 53-сатыдағы португалиялық Нуну Боржешке есе жіберді – 4:6, 4:6.