Бұл жолы желі қолданушылары әншінің концертіне келген көрерменге ашуланған, – деп жазады Aikyn.kz.
Видео кадрларынан Қайрат Нұртастың концертте әндетіп, артынша көрерменмен тілдесіп жатқанын аңғаруға болады.
Ол аяғынан ұстаған тыңдарманға өтініш жасайды.
"Жаным, аяғымды ұстамаңызшы, ұяламын мен. Кәдімгі қарапайым адаммын ғой", – деп эстрада жұлдызы әндете кетеді.
"Осылай қуып кетсең... Қалайсыңдар, ағайындар?", – деп жалғастырады Қайрат Нұртас.
Мұны көрген оқырман концерт көруге барған халықты сынап тастады.