Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, 11 мамырда сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр.
Атырау – 533 см, тәулігіне + 5 см.
Индербор ауданы – 1 026 см, тәулігіне +12 см.
Махамбет ауданы – 939 см, тәулігіне +15 см.
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни белгіден асып түсті. Су тасқыны жагдайы ҚР ТЖМ құтқарушылардың бақылауында.