Президент Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасарын тағайындады

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Мемлекет басшысының өкімімен Константин Вадимович Канцеров Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еске сала кетейік, жылдың басында Шыңғыс Жақыпов Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған еді. 

Ал қызметті Сәкен Исабеков басқарады.