Солтүстік облыстардың тұрғындары аспанның ерекше түске боялғанын байқады

Күн сәулесіндегі соңғы белсенділік Қазақстанның солтүстік ендіктерінде Солтүстік шұғыласының жаңа толқынын тудырған.

Қостанай облысының тұрғындары түрлі фотосуреттермен бөлісіп жатыр, – деп жазады Aikyn.kz.

Аспанның ашық қызғылт, жасыл түске боялғанын, әсіресе Сарыкөл, Қостанай, Лисаковск аудандарының тұрғындары байқады.

Айта кетейік, қостанайлықтар бұған дейін де ерекше құбылыстың куәсі болған еді. Өткен жылдың қараша айында да Қостанай аспанын қызыл-жасыл градиент жаулаған.

Тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде таңданысын білдірсе, енді біреулер қорыққанын жазған еді.

Бұл құбылысты сонымен қатар Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана маңында тұратындар да байқаған.