10 мамырда Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерінің денесі табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
- Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД.
Сотқа дейінгі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.