Қазгидромет жексенбі, 12 мамырға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде нөсер жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді.
Республика бойынша жел күшейеді. Батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі. Батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының шығысында, батысында, Павлодар облысының солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны 1,3 градус суықты көрсетеді деп болжанады.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау қаласының орталығында, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Атырау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының батысында өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысының шөлейтті аудандарында өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысы Қазалы ауданында төтенше өрт қаупі жоғары болады деп болжанады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.