ASBC өзбекстандық Жалоловты ұрып құлатқан қазақ боксшының ерекшелігін атап өтті

Мұқатаев 86 келіде алтын жеңіп алды.

Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Темірлан Мұқатаевтың Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионаты финалында өзбекстандық Самандар Жалоловты нокаутпен жеңгеніне тамсанды, – деп жазады Aikyn.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, Мұқатаев 86 келіде алтын жеңіп алды.

"Жастар арасында Азияның екі дүркін жеңімпазы Темірлан Мұқатаев – ауыр салмақта елдің элиталы чемпионы. 20 жастағы қазақстандықтың ауыр соққыларынан кейін төреші өзбекстандық Самандар Жалоловқа нокдаун есептеді. Мұқатаев – біздің спорттағы табиғи күш, оның сол жақ хуктарының бірі өзбекстандық үшін қауіпті болғаны сонша, Жалоловты құлатты да, бұл екінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға себеп болды", – деп жазады ASBC.

Бұған дейін Темірлан Мұқатаев Жалоловты нокаутпен жеңіп, Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.