Апаттан зардап шеккен бір жүргізуші мен екі бала ауруханаға жатқызылды, – деп жазады Aikyn.kz.
KAZINFORM жазғандай, Павлодар облысының тасжолында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған жолаушы зардап шекті.
"Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 жеңіл көлігі негізгі жолда келе жатқан Toyota Highlander көлігіне жол бермей, соғылған. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен қос жасөспірімнің денсаулығына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінен.
Audi жүргізушісіне қатысты іс қозғалып, материал сотқа бағытталды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.