Астанада ер адам мүмкіндігі шектеулі такси жүргізушісін балағаттады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Желіде ер адамдардың такси жүргізушісін балағаттап, мазақ еткен бейнежазба қызу талқыға түсті.
Полиция қызметкерлері жолаушыны ұстағанын хабарлады.
«Такси жүргізушісіне балағат сөздер айтқан жолаушы дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Астана полициясы.
Ер адамды жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік материал сотқа жіберілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.