Әнші Сәкен Майғазиев отандық тележобаның бірінде «Құстар қайтып барады» әнін тыңдап отырып, жылап қалды, – деп жазады Aikyn.kz.
Өнер иесі көзіне жас алған сәттегі видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, жазба қалдырды.
"Қартаяйын дедім бе, көңілшек болып алыппын. Мына балапаным мені бір жылатты. Кіп-кішкентай болып Тұманбай атасының сөзіне жазылған, Нұрғиса атасының асыл қазынасын жүрекпен орындауын айтсаңшы", – деп жазған ол.