Атырау облысында шұғыл түрде қосымша қорғаныс бөгеті салынып жатыр

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Атырау облысының Индербор ауылында қосымша қорғаныс бөгетін салу жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін жергілікті бақылау бекеті үйінді құрылыс учаскелерінің бірінде судың келуін тіркеген.

Авариялық-құтқару жұмыстары ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Серік Шапкеновтың үйлестіруімен жүргізілуде. Жұмыстарға құтқарушылар топтары, ТЖМ әскери қызметшілері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.