Энергетика министрлігі бензин мен дизельдің нақтыланған бағасын бекітті

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

17 мамыр күні шетелдік автокөліктерге арналған бензин мен дизель отынының нақтыланған бағаларымен ҚР Энергетика министрінің бұйрығы күшіне енеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ішкі нарықтағы жанармай теңгерімін сақтау, сондай-ақ мұнай өнімдерінің ағыны мен "сұр" экспортының тәуекелдерін барынша азайту мақсатында Энергетика министрінің шетелдік көліктерге арналған АИ-92, АИ-93 бензині және дизель отынының жаңартылған бағалары бойынша бұйрығына қол қойылды.

Бұйрық мынадай ережелерді көздейді:

  • АИ-92 және АИ-93 бензині – литріне 245 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 205 теңге;
  • Қазақстан Республикасында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде – тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - литріне 205 теңге;
  • дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – литріне 315 теңге;
  • Ел аумағында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 295 теңге;
  • Елде берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - литріне 295 теңге.

Осылайша, Қазақстан Республикасының куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлігі бар азаматтар үшін жанар-жағармай бағасы өзгеріссіз қалады.

Бүгінде жанар-жағармай қорын өндіру, жөнелту және толықтыру үздіксіз жүргізілуде, бұл ретте мұнай өнімдерінің қомақты қорының болуына байланысты ішкі нарықтағы жағдай тұрақты.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.