Ақмола облысы Атбасар қаласында Матросов көшесінде орналасқан гараждан өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 шаршы метр алаңды өрт шарпыған.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол бермеді.
Өрт сағат 21:51-де оқшауланып, сағат 22.13-те толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.