Петропавлда тасқын су басқан ықшамауданнан ер адамның мәйіті табылды

34 жастағы азамат 13 сәуірде із-түзсіз жоғалып кеткен.

Петропавлда бір ай бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынының мәйіті тасқын су басқан ықшамауданнан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 сәуір күні 34 жастағы петропавлдық азамат із-түзсіз жоғалып кеткен.

12 мамыр күні сүңгуірлер ер адамның мәйітін судан алып шықты. Марқұмның денесінде зорлық белгілері болмаған. Қазір ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.