Астана қаласындағы Алматы аудандық Полиция бөлімше қызметкерлері 20 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады. Жасы - 53-те. Ол көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін іздеуде болған. Бұл туралы хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылған.
Қазір оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.