2023 жылғы 9 қарашада әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алқабилер мен судья Айжан Құлбаева ақылдаса отырып, айыпталушыға қатысты үкімді оқыды.
Сонымен экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды. Ал оқиға орнында оның жанында болып, қылмысты жасыруға атсалысқан Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталды.
Айта кеткен жөн, Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 99-бабы және 110-бабы бойынша айып тағылған. Бақытжан Байжанов Қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша айыпталып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.