Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босау туралы өтінішті 2039-2040 жылдары бере алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бишімбаев сотталса да аса ауыр қылмыс үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға байланысты өтінішін 16 жылдан кейін ғана беруіне болады. Ол – 2039-2040 жылдар. Оған жәбірленуші тараптың пікірі ескеріледі», – деді БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова.
Айта кетейік, Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған бұрынғы шенеунік Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.