БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова судья Айжан Құлбаеваның жеке бас қауіпсіздігін қорғау шаралары қашанға дейін созылатыны туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz azattyq-ruhy.kz-на сілтеме жасап.
«Судья Айжан Құлбаеваға қатысты қауіпсіздік шараларын істі тергеген мемлекеттік орган қабылдаған болатын. Қауіпсіздік шараларының алынатын уақыты да соның шешімімен белгіленеді», – деді БАҚ жөніндегі судья-үйлестіруші Алма Есімова.
Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісіне төрелік еткен судья Айжан Құлбаеваға белгісіз адамдар қоңырау шалып, қорқытып, үркіткен, әртүрлі хабарламалар жіберген. Соған байланысты судьяның жеке басының қауіпсіздігі қамтамасыз етілген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.