Қазақстандық Аман Қонысбеков Астанада өтіп жатқан бокстан Елорда кубогі халықаралық турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы Sports.kz жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы алғашқы жекпе-жегінде жерлесі Азат Иманберлімен кездесіп, оны 4:0 есебімен жеңді. Аман бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.
Осылайша, Аман Қонысбеков турнирді сәтті бастаса, Азат Иманберлі жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.
Айта кетейік, Қонысбеков Өзбекстанның тумасы болса да, Қазақстан атынан жарысқа қатысуға бел буған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)