Оған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше 9 елдің әлемдік деңгейдегі музыкалық продюсерлері мен талантты өнерпаздары қатысады.
Шоу аясында Франция, Марокко, Эстония, Италия, Германия сияқты мемлекеттердің жетекші музыканттары өнер көрсетеді. Фестиваль халықтар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағыттылаған.
– Мұндай деңгейдегі іс-шара біздің ұйымның тарихында алғаш рет ұйымдастырылайын деп отыр. Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы. Мұнда барлық мемлекет бір-бірінің бай мәдениетімен танысуға мүмкіндік алады, мәдени пікір алмасады. Өз басым тағатсыздана күтіп жүрмін. Бұл биылғы жылы өтетін ең ірі іс-шаралардың бірі болмақ, – деді ШЫҰ хатшылығы бас хатшысының орынбасары Жанеш Кайн.
– Негізгі мақсаты сол – Жібек жолы бойындағы елдердің арасындағы мәдени қарым-қатынасты күшейту. Осы арқылы біз тағы да Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы бауырластықты және түсіністікті арттыра түсеміз. Бұл шілдеде өтетін Астана саммитіне орайластырылып ұйымдастырылған мәдени іс-шаралардың бірі болайын деп тұр, – деп баға берді ШЫҰ хатшылығы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Нұрлан Аққошқаров.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ