Нақтырақ айтар болсақ, еш бақылаусыз ет өткізетін субъектілердің жұмыс істейтіні анықталған. Етті талапқа сай тасымалдамау, қауіпті жұқпалы аурулар бойынша жоспарлы ветеринариялық іс-шараларды орындамау, сондай-ақ ішкі сауда объектілерінде орналасқан ветеринариялық зертханалардың өзінде заңбұзушылықтар бары белгілі болды.
«Қала бойынша ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтпеген мал шаруашылығы өнімдерін сататын жүзден астам бақыланбайтын субъекті жұмыс істейді», – делінген хабарламада.
Барлық зертханада ветеринариялық-санитариялық жағдайдың сақталмайтыны анықталған. Тіпті, кейбір зертханалар ветеринариялық-санитариялық қорытындысыз қызметін жүзеге асырып отырған.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке, мемлекеттік кәсіпорынның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.