Тележүргізуші Қымбат Досжан туған анасын іздеп жүрген қазақ баласы Жәнібек Савельевке қатысты тағы бір жаңа дерек айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Айтуынша, сегіз әйел қан тапсырған.
"8 әйелдің анализі нөл пайыз шықты. Қалған екеуінің қан нәтижесін бүгін күтеміз", - деп жазған журналист.
Бұған дейін Қымбат Досжан Жәнібекті сатып жіберген әйелдің кім екенін айтқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.