Алматыда ер адам автобус жүргізушісін пышақтады

Суық қару қолданған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы қалалық Полиция департаменті автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні қамауға алып, тергеу жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Белгілі болғандай, жолаушы мен жүргізуші арасында жанжал шығып, нәтижесінде автобус жүргізушісі жарақат алған.

«Суық қару қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар арасында әуелі ауызша жанжалдан басталған. Содан кейін қатысушылардың бірі пышақ салған. Қылмыс құралы тәркіленді», –  деп нақтылады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.