Елімізде өрт қаупі жоғары маусым басталды. Мамыр-маусымда қатты ыстық болады деген болжам бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, еліміздің барлық аймағында өртке қарсы бақылау жұмыстары күшейтілді. Қосымша жаңа техникалар алынып, қауіпті аймақтар әуеден бақыланып жатыр.
"2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдау ескерілді. Осылайша, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде өрт қаупінің жоғары және төтенше дәрежесі болжанды. Тағы бақыланады. Қауіп төнген жағдайда ескерту жарияланады", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова.
2023-2027 жылдар аралығындағы өртке қарсы күрес шараларына бюджеттен 68 мллиард теңгеден аса қаражат бөлінген. Былтыр 13 миллиард жұмсалған, биыл 5 миллиард теңгесі жаратылмақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.