Велотректен Қазақстан құрамасы Олимпиада лицензиясына ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Туризм және спорт министрлігі Instagram желісіндегі ресми парақшасына аталған лицензия жеке спортшыға емес, ұлттық федерацияға берілетінін мәлімдеді.
Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады. Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 51 лицензия бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.