Күдікті алматылық блогер екені анықталған, деп жазады Aikyn.kz.
Ол азаматтарға Жапония мен Кореяға виза рәсімедеп беруге көмектесемін деп уәде етіп, ақша алып отырған.
Сондай-ақ, ол өзінің блогында осы екі мемлекетте табыс табудың жолын көрсетіп ақыл-кеңестер айтып отырған.
"Күдікті ұсталды. Оның үстінен 15 адам полицияға арызданды,"- деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Алайда алданған адамдар әлдеқайда көп болуы мүмкін дейді тәртіп сақшылары.
Зардап шеккендер 8-707-142-01-11 және 8-702-777-11-40 телефондарына хабарласуға болады.