Үсік, жаңбыр, күшті жел: 15 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ел аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды.

«Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығыс пен орталықта қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Тек еліміздің солтүстігі, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстігі, солтүстік-батысы мен орталығында тұман күтіледі», – делінген хабарламада. 

Түнде Қостанай, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градус үсік түседі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Абай, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Абай облысының Үржар ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.