Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2024 жылдың I тоқсандағы жағдай бойынша елімізде айлық жалақының орташа мөлшері 382 279 теңге болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда көрсеткіш өскен. Нақтырақ айтқанда:

  • атаулы мәнде – 12,3%;
  • нақты мәнде – 2,7%;

Осылайша, жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) бағалау бойынша – 251 997 теңгені құрады.

Өңірлік бөліністе 2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2024 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Батыс Қазақстан облысында – 18,2%-ға, Алматы қаласында – 16,4%-ға, Ақтөбе облысында – 16,1%-ға, Павлодар облысында – 15,9% байқалды.

Жалақының орташа мөлшері бір қызметкердің жалақысының қосымша ақыларының, үстемеақыларының, сыйақыларының, салықтарының және зейнетақы аударымдарының барлық түрлерін ескере отырып көрсетіледі. Ол жалақы қорының сомасын кәсіпорындардағы қызметкерлердің нақты санына бөлу арқылы есептеледі.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.