Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық қылмыстық істер бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусинге қатысты қылмыстық іс өндірісте жоқ», – делінген Антикор таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, 30 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин лауазымынан босатылды.