ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің ҰБТ-ны ыңғайлы тапсыруы үшін жағдай жасауда. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
«Өткен жылдардағыдай, 2024 жылғы ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталады. Көру қабілеті бұзылған балалардың ыңғайы үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді», - деді Болатбек Абдрасилов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді.
«Егер 2021 жылы ҰБТ-ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», - деді спикер.
Айта кетейік, Қазақстанның 14 өңірінде негізгі ҰБТ басталды. Ал су тасқыны болған 6 облыста ҰБТ 25 мамыр-12 шілде күндері өтеді.
Соңғы жылдары талапкерлер биология-химия комбинациясын жиі таңдай бастаған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.