Астанадағы Жарсуат тұйық көшесінің Фахд бен Абдулл Азиз көшесінен М. Жалил көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, көлік қозғалысы 16-26 мамыр аралығында толығымен жабылады.
– Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.