Қазақстанға ресми сапармен келген Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, торт сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапары аяқталған Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагимді елорда әуежайынан шығарып салды. Өз кезегінде Ануар Ибрагим құрмет көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен құттықтады», – деп хабарлады Ақорда торттың суретін көрсете отырып.
Торт құлпынаймен безендірілген және «Туған күніңізбен, президент мырза!» деген жазуы бар.
Айта кетейік, бүгін, 17 мамыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толып жатыр. Тоқаев туған күнін тойламайды және мұны қарапайым жұмыс күнінің бірі деп қабылдайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.