«Сенімді серігіме айналды»: Димаш Құдайберген Президент сыйға тартқан тазыны көрсетті

Әнші жеті қазынаның бірі саналатын тазы сенімді серігіне айналғанын айтты.

Әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші жеті қазынаның бірі саналатын тазы сенімді серігіне айналғанын айтты.

«Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның бірі саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген», – деді әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.

«Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!», – деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.