Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының мүшесі Әмір Маймұратов Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде финалға шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, «Жылдамдық» бойынша сынға түскен Маймұратов іріктеуден сүрінбей өтті. Ол 5,09 секундты тіркеген. Аралық нәтижеде ол жетінші орында тұр.
Айта кетелік, Шанхайдағы іріктеу турнирі – биыл өтіп жатқан алғашқы сын. Екінші іріктеу жарысы 20-23 маусым күндері Венгрияның Будапешт қаласында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.