Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танылған жігіт тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қара бетперде киген жігіт бұл жолы жертөледе тұратын отбасыға барды. Оған 12 жастағы Кәусар отбасының қазіргі тұрмыс-тіршілігі туралы баяндайды. Қыздың айтуынша, анасы еден жуушы болып жұмыс істейді, ал сіңілісі эпилепсиямен ауырады.
«Жертөледе тұрамыз. Көп қиындық болады. Ішімдік ішкен адамдар кіріп кетеді. Құбыр атылып кетеді. Тарақандар бар. Анама қалай қиын екенін түсінемін. Алайда қолымнан ештеңе келмейді. Анам намаз оқып, Алладан көмек сұрайды», - дейді Кәусар.
Бетперде киген жігіт оған баспананың кілтін табыс етті.
«Сіздер жаңа пәтердің иесі атандыңыздар», - деді қайырымды жігіт.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.