Алматыда өртеніп жатқан үйден төрт ересек адам мен бір бала эвакуацияланды,-деп хабарлайды Aikyn.kz.
16 мамырда сағат 12:55-те Медеу ауданындағы Нүсіпбекова көшесіндегі үйлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама бойынша Алматы ТЖД күштері жіберілді.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтердің ванна бөлмесінде 4 шаршы метр аумақта өрт шыққанын анықтады. Өрт пен түтіннің кесірінен тұрғындардың өміріне қауіп төнген.
"Құрамында аға инженер Жанұзақ Н.Б., бөлім командирі Арупов И., аға өрт сөндіруші-құтқарушы Садыров Н., өртсөндіруші Еркінбай Е., Джусанбаев Д. бар құрам газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі төрт адамды құтқарды, олардың бірі бала. Оның ішінде қозғалу мүмкіндігі шектеулі ер адам болған. Зардап шеккендер жоқ",-деп хабарлады Алматы Төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сағат 13:18-де сөндірілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.