БҚО-да алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген желеумен "ғажап көрпені" 300 мың теңгеге бағалап, сатады. Қаскөйлер ізін суытпай ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне шағым түсіреді. Полицейлер тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстады.
Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды.
"Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Егер осындай қылмыстың құрбаны болғандар болса, полицияға хабарласу сұралады.