Алматыдан 280 шақырым жерде жер сілкінді

Сейсмологтер Алматыдан 280 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық байқаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 18 мамырда Алматы уақыты бойынша сағат 12.10-да жер сілкінісін тіркеді,  – деп жазады Aikyn.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9, магнитудасы – MPV 4,6, тереңдігі – 5 шақырым.

Қазақстан аумағында (MSK-64 шкаласы бойынша) жер сілкінісі сезілген жоқ.