"Қазгидромет" синоптиктері 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Соның әсерінен бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ал ел аумағының солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады және боран соғады.
Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.
Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, шығысында, Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстанның батысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.