Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар сатуды тоқтатты
Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар сатуды тоқтатты
238
оқылды
Kurs.kz сайтындағы мәліметтерге сәйкес Нұр-Сұлтан пен Алматыдағы жеке айырбастау пункттерінің басым бөлігі доллар сатуды тоқтатты. 13.30-дағы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтандағы Kurs.kz  сайтында тіркелген барлық айырбастау пункттері америка валютасын сатуды тоқтатты.    width= Алматының көптеген айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты. Бірнеше айырбастау орындарында АҚШ валютасы 394,5 теңгеден сатылады.  width= Сарапшылар қазақстандықтарға сейсенбіде, дүрбелеңге ермеуді және 10 наурызда өтетін Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықты күтуді ұсынады.