Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар сатуды тоқтатты

Нұр-Сұлтан мен Алматының ақша айырбастау орындарында доллар сатуды тоқтатты

Kurs.kz сайтындағы мәліметтерге сәйкес Нұр-Сұлтан пен Алматыдағы жеке айырбастау пункттерінің басым бөлігі доллар сатуды тоқтатты. 13.30-дағы мәліметтер бойынша, Нұр-Сұлтандағы Kurs.kz  сайтында тіркелген барлық айырбастау пункттері америка валютасын сатуды тоқтатты.   Алматының көптеген айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты. Бірнеше айырбастау орындарында АҚШ валютасы 394,5 теңгеден сатылады. Сарапшылар қазақстандықтарға сейсенбіде, дүрбелеңге ермеуді және 10 наурызда өтетін Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықты күтуді ұсынады.