Су тасқыны: Ырғыз ауданында бөгетті нығайту жұмысы жалғасуда

ТЖД және ТЖМ 20982 әскери бөлімі, ЖАО тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданына қарасты Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында су тасқынына қарсы бөгетті нығайту жұмыстары әлі жалғасуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

– Құйлыс ауылында тәулігіне барлығы 4 700 қапшық пен 2 380 тонна инертті материалдар төселсе, ал Жайсаңбай ауылында тәулігіне 2 170 қапшық пен 1 570 инертті материал төселді, - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД және ТЖМ 20982 әскери бөлімі, ЖАО тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.